Қазақ күнтізбесі тұсауын кесті

Қарағандыда Н.Гоголь атындағы кітапханада, Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттау орталығының жетекшісі, Республикалық  Qazaq club-тың төрағасы, Қазақ күнтізбесінің авторы  Нұржан Сұршаұлының басқаруымен жыл сайынғы Қазақ күнтізбесінің 6-шы тұсаукесер салтанаты өтті.

Осы аталмыш іс-шараға, Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық  резервтегі  мектеп-интернат-колледжінің педагог-ұйымдастырушы, әдіскер Ләззат Абильдаевнаның  ұйымдастыруымен  7-8 сынып оқушылары  және кітапхана меңгерушісі Жанар Қабыкенқызы қатысып, өз білімдерін ортаға салып, Сәкен Сейфуллин атындағы №92 гимназияның оқушыларымен сайысқа түсіп, өздерін жоғары деңгейде көрсетті. Біртұтас тәрбие жоспарына Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттау барысында, Қазақ күнтізбесіндегі атаулы күндер таныстырылып, таратылды. Шара барысында оқушылар оқу бағдарламасында алған білімдерін тиянақтап, Отансүйгіш сезімдерін нығайтуға үлесін тигізді деп санаймыз. Сонымен бірге, бокс бөлімінің 10 сынып оқушысы Айтбек Кеңпейіл, патриоттық бағытта бірнеше өлең оқып, жасөспірімдерге үлкен ой-сезім тастады.

Іс-шара барысында, белгілі қонақтар «Arqa aqshamy» газетінің бас редакторы Әдебиет Белгібайұлы және «Қазақ клубының» қариялар кеңесінің төрағасы Сәкен Келдібайдың үлгілі әңгімелері жас спортшы жеткіншектерге өте жақсы әсер қалдырды. Оқушылар тарапынан қосымша сұрақ-жауап арқылы әдемі сұхбат-әңгіме құрылды.

Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған  Қазақ күнтізбесі туралы қысқаша мәлімет. Республикалық Qazaq club-тың бастамасымен жыл сайын өтетін бұл шарада Қазақ күнтізбесі көпшілікке таныстырылып отырады. Биылғы жылы тұсаукесер шаралары Астана, Алматыда және шетелде барлығы 100-ге жуық шараны өткізу жоспарлануда. Биылғы жылы Қазақ күнтізбесі біршама толығып, оған 20 этнографиялық, 12 әскери-патриоттық күн енгізілді. Бүгінде Қазақ күнтізбесі 25 ұлттық құндылықты, 6 салтты, 19 тарихи оқиғаны, 40 тарихи тұлғаны жүйелеп, насихаттайды.

Ләззат ЫСҚАҚОВА,

Әлия Молдағұлова атындағы

мектеп-интернат-колледжінің

педагог-ұйымдастырушы, әдіскер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *