Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атанды

18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қатарынан екінші рет Алматыда өткен блиц бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы турда Бибисара Үнді шахматшысы Харика Дронаваллиді жеңді, ал қытайлық Тан Чжунъи Үндістаннан келген басқа шахматшы Хампи Конерден жеңіліп қалды.

«Мен екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атандым. Өткен жылы мен чемпионатты сенімді түрде жеңдім, ал биылғы жылы біраз қиналдым. Енді мен отбасыммен бірге болғым келеді. Мен оларды қатты сағындым», деді Бибисара баспасөз мәслихатында.

Өткен жылы Бибісара Асаубаева Варшавада өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *