Дәстүрлі дайындық

Су тасқыны кезеңіне дайындық Қарағанды облысы әкімдігіндегі Төтенше жағдайлар комитетінің отырысында талқыланды.

Бүгінгі таңда облыста гидрометеорологиялық жағдай тұрақты. Өзендер қысқы режимде.

– Судың төмен деңгейі және судың аздығы байқалады. «Қазгидрометтің» деректері бойынша, Нұра, Шерубай-Нұра және Тоқырау өзендерінің бассейндерінде қар суы орташа көпжылдық деңгей шегінде, бірақ былтырғы көрсеткіштерден 25-тен 60%-ға дейін жоғары қардағы су қоры бар. Топырақтың күзгі ылғалдылығы нормадан жоғары: Нұра өзенінің бассейнінде 49 мм, Шерубай-Нұра өзенінің бассейнінде 48 мм, Тоқырау өзенінің бассейнінде нормадан 5 есе артық. Топырақтың қату тереңдігі 65-тен 150 см-ге дейін. Бұл деректер Тоқырау өзенін қоспағанда, өткен жылғы көрсеткіштер шегінде, мұнда топырақтың қату тереңдігі 50 см жоғары, – деп хабарлады ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов.

Ақпанның үшінші онкүндігінде Нұра және Шерубай-Нұра бассейндері бойынша екінші қар өлшеу жұмыстары жоспарланған.

Материалдық-техникалық құралдардың қажетті қорлары жасалды.  3700 тоннадан астам ЖЖМ, 170 тонна азық-түлік, 51 800 тонна инертті материал және 100 мыңға жуық қап дайындалды. Халықты эвакуациялау үшін 235 пункт дайын.

15 ақпаннан бастап Департамент қызметкерлері су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралай бастайды. Биыл 150 ауылдық елді мекендер, 139 су тасқыны қаупі бар автомобиль және темір жол учаскелері, 250 су шаруашылығы объектілері бақылауға алынды.

– Қалалар мен аудандардың әкімдеріне қар шығаруды жандандыруды тапсырамын. Бұл жұмыс күн сайын жүргізілуі керек. Ауа-райының болжамын барлығы қадағалап отыруы тиіс. Жұмыс жоспары болуы үшін штаб ұйымдастырыңыздар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Сондай-ақ, отырыста Мұрат Қатпанов 2023 жылдың қорытындылары мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Ол профилактикалық жұмыстарға баса назар аударылғанын атап өтті.

Өткен жылы аудандарда үш өрт сөндіру бекеті құрылды. 2024-2025 жылдарға тағы 15 бекет ашу жоспарланған. Осакаров ауданында алты бекет құрылады.

Құтқару жабдықтары мен техникасын жаңарту жалғасуда. 2023 жылы департамент 22 бірлік техника сатып алды. Биыл автопаркті 19 көлікке кеңейту жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *