Діни сауаттылықты арттыру қажет

«Діни сауаттылықты арттыру қажет» деген тақырыпта Қарағанды-Сұрыптау станциясында желілік полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ержан Садиков Қарағанды-Сұрыптау станциясында желілік полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ержан Садиков, желілік полиция бөлімінің экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкері бірлесіп, «Ақыт қажы» мешітінің имамы Манбар Жанарбектің қатысуымен «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Қарағанды филиалының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Бұл кездесудің мақсаты діни сауаттылықты арттыру, түрлі діни конфессиялардың өкілдеріне төзімділікті түсіндіру, экстремизм мен терроризмнің мәнін түсіндіру, терроризмге қарсы сананы қалыптастыру және патриоттық сезімдерді нығайту болды.

Кездесуде экстремизм тақырыбында дәріс өтті. Манбар Жанарбек халықтың жалпы мәдениеті мен білімін арттырудың, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін отбасы мен қоғамдағы толерантты дәстүрлерді бекітудің маңыздылығын атап өтті.

Манас АҚСАРЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *