Экологиялық бастама тұрғындарды біріктірді

Шахтинскте жүзден астам экологияға бейжай қарамайтын тұрғындар төбешікті тазалауға шықты. Қалада «Taза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында экологиялық сенбілік өтті.

Бұл бастама тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.

Экосенбілікке қатысушылар Шахтинсктегі төбешік аумағын тазалап, 50-ден астам қапқа қоқыс жинады. Жиналған қоқыс қайта өңдеуге қабылдау пунктіне тапсырылды.

Барлық қатысушыға табиғатты қорғаудың символы ретінде қайта пайдалануға болатын экошоперлер сыйға берілді.

Сонымен қатар акция аясында қоқысты сұрыптап жинау мәдениетін насихаттауға арналған ақпараттық науқан ұйымдастырылды.

Қала тұрғындарына қоқысты сұрыптау принциптері, оның қайта өңделуі және әр адамның қоршаған ортаны қорғауға қатысуының маңызы түсіндірілді.

Ақпараттық науқан викториналармен сүйемелденді, ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

Шаралар Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану саласын реттеу басқармасының @prirodnye.resursy.krg жобасы аясында, Шахтинск қаласындағы Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ерік РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *