Экологиялық сенбілік – тазалыққа үндейді

Қарағанды қаласының «Созвездие» белсенді өмір салты клубы эко-сенбілік өткізді. Еріктілер Қарағанды қаласынан Үштөбеге бара жатқан тас жол бойындағы екпе орманды  тазалады.

Орманды қоқыстардан тазартудан басқа, тимбилдинг пен табиғатта өтетін ойындар да келгендерді қызықтыр түскендей. Ұйымдастырушылар тегін көлік пен тазалау құралдарын ұсынды.

– Қаламыздың тазалығына үлес қосуға жалпы 30 шақты ерікті келді. Бұл тек қоқыстан жерді тазалау ғана емес, сонымен қатар жаңа адамдармен танысуға және көптеген жағымды эмоциялар алуға арналған акция, – дейді ұйымдастырушы-эколог Дамир Кәрімов.

Еріктілер 3 сағат мұғдарында эко-тазалық шарасында,  қоқысты одан әрі қайта өңдеуге тапсыратындай қылып, бөлек-бөлек жинады.

– Экобелсенділер тобы жұмыс істеп келе жатқанына бірнеше жыл болды. «Созвездие» белсенді өмір салты клубы тек қана сенбілік ке қатысып қана қоймайды. Тауға шығу, таза табиғат аясында серуендеу, облысымыздағы көркем жерлерді аралауды насихаттап қана қоймай, туристік маршруттарды түзеді, – дейді осы клубтың басшысы Айгерім.

Экотазалыққа өз еркімен келгендер арасында оқушылар да, үлкендер де болды. Солардың бірі, Art Action оқу орталығының ағылшын тілі ұстазы Мария Ергина да бар.

– Маған өте ұнады. Мұндай шараға алғашқы рет қатысып отырмын. Алдағы уақытта қалмаймн деп шештім. Есте қалар іс болды. Осы экологиялық сенбілікті ұйымдастырған «Созвездие» белсенді өмір салты клубына алғысым шексіз. Жақсы адамдармен таныстым, – дейді Мария.

Экологиялық сенбілік аясында жол бойындағы екпе талдардың арасынан екі көлікке жүк болатын қоқыс жиналды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *