Президенттің Қазақстан халқына кезекті Жолдауы өтті. Онда елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең өзекті мақсаттары мен міндеттері анықталды. Банктер туралы жаңа заңның шұғыл қажеттілігі туындағанымен толық келісемін. Банк жүйесінсіз экономика мен қаржы жүйесін дамыту мүмкін емес. Банктер экономиканы қаржыландыруға белсенді қатысуы керек.
Сонымен қатар Президент ШОБ-тың дамуына да тоқталды. Бұл жайлы жыл сайын сөз қозғалады, бұл дегеніміз Мемлекет басшысының процеске мұқият назар аударуын білдіреді. ШОБ-тың дамуын жаңа Салық Кодексімен байланыстырып, салықтарды әкімшілендіруді жеңілдету туралы тағы бір рет атап өтіп, ШОБ саласын дамыту ежимдерін белгілеу міндеті қойылды.
Қайта өңдеу саласына ерекше назар аудару, 3-ші, 4-ші қайта бөлуді тереңдетіп өңдеуді дамыту міндеті бірінші орынға қойылғаны да қуантады. Дәл осы мақсаттарға мемлекеттік қолдаудың басым бөлігін бағыттау керек.
Сондай-ақ нарықтық қатынастардағы мемлекеттің үлесін едәуір азайту тапсырылды.
Президент ұсынған жаңалықтардың бірі – шаруаларға тауарлық несие беру-бұл азық-түлікпен қамтамасыз етудің және ауыл шаруашылығын дамытудың өте жақсы механизмі.
«Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры
Серік Санаубаев