Қоғамның дамуына бағытталған жобаларды іске асыруда халықаралық және ішкі туризмді дамыту басты міндетіміз. Еліміздің әсем де, әдемі табиғатын көзбен көріп, құлақпен естіп, тамашалағанға не жетсін.
Бірінші жоба – «Жібек жолы» бағыты бойынша халықаралық туристік поезд, маршрут Алматы – Тараз — Шымкент — Түркістан — Ташкент қалаларын қамтыды. Жолаушылар үшін жол жүру, трансфер, экскурсиялық пакет ұсынылды қызмет көрсету және тамақтану қарастырылды.
Екінші жоба – «Астана-Бурабай» курорты туристік электр поезы. Осы маршрутты іске асыру ішкі және сыртқы дизайн бойынша кешенді жұмыстармен қатар вагондарда жолаушыларға бос уақыты тиімді өткізуді, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және ыңғайлы жолаушыларға арналған атмосфера жасау, кітапхана мен шахмат, дойбы, лото ойындарын ұйымдастыру қарастырылды.
Осы жобаны «Қарағанды — Астана – Бурабай», «Қарағанды — Балхаш – Аягөз – Семей – Өскемен» бағытына туристік поездарын жүргізу мақсатында белсенді жұмыс жүргізілісе ішкі туризмді дамытудың мүмкіндігін кеңейтетін еді. Тамақтандыру орындарын ұйымдастыра отырып, вагон-мейрамханалар, вагон-барлар және купе-буфеттер әзірленсе. Жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру сапасын жақсарта отырып туристерді тарту көзделсе еліміздің қасиетті жерлерін көрсетіп, әсем табиғатын тамашалау әр қаланың тарихымен таныстыру еліміз үшін зор мүмкіндік. Туристерге ыңғайлы маршрут дайындап таңда поездан түсіп, кешке поезға мініп қонақүй, әрі трансфер ретінде қолданса еліміздің туристік бағытарын кеңінен қолдануға мүмкіндік жасалатын еді. Шетел туристерін шақыру еліміздің экономикасын түсетін қаржының бірден бір себебі болады. Әрбір туристік маршруттарды ашу арқылы елімізді әлемге танытып, тарихи орындарды көрсетеміз. Жаздың жайма шуақ уақытын пайдалана отырып Балхаш көлі, Бектауата үңгірі, қасиетті Алакөл, Еңлік-Кебек кесенесі, Абай, Шәкәрім мұражайлары, Марқакөл, Бұқтұрма, Қатон — Қарағай, Мұзтау сияқты өлкелерді көруге нәсіп етсін. Жаңа маршрутар құрастырылып, поездар жүйткіп жүре берсін, жол мұраты жету болып, алысқа шығатын сапар сәтті болсын.
Ботакөз Исина,
Әбілқас Сағынов атындағы
Қарағанды техникалық
университеті
«А.Н. Данияров атындағы
Өнеркәсіптік көлік»
кафедрасының аға оқытушысы
