Еуроодақ сыртқы істер кеңесі Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайды, — деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Бұл туралы Панама-Ситиде өткен баспасөз мәслихатында Еуроодақ сыртқы саясат ведомствосының басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл санкциялар Ресейдің энергия экспортын шектейді.
«Осы аптада Еуропалық комиссия, Одақтың атқарушы органы, ЕО санкциялар пакетін, соның ішінде Ресейді үлкен кіріс ағынынан айыратын шара қабылайды деп күтіледі», — делінген хабарламада.
Сыртқы істер кеңесінің отырыстарына төрағалық ететін Боррель ЕО «осы импортты айтарлықтай шектеу үшін шаралар қабылдай алады» деп үміттенетінін айтты, бірақ блоктың бүкіл мүшелігі әлі келіспейтінін мойындады.
«Бірақ, кем дегенде, мұнай импортына қатысты мұндай келісім кеңестің келесі отырысына дейін қабылданатынына сенімдімін», — деп қосты ол.