Футзалдан чемпион атанды

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің құрама командасы University League – 2024 футзалынан ҚР чемпионатында жеңіске жетті. Жарыс елордалық Sairan Arena спорт сарайында өтті.

Студенттер чемпионатына 10 команда қатысты, олар екі топқа бөлінді. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы бір рет тең ойын және үш рет жеңіске жетті.

– Жартылай финалда біз AITU астаналық командасын 4:1 есебімен жеңдік. Соңғы ойында қарсыласымыз Алматыдан келген Тұран университеті болды. Бірақ біз 5:1 есебімен оларға жеңіске жету мүмкіндігін қалдырған жоқпыз. Тарихта тұңғыш рет Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы ел чемпионы атанды, – деп атап өтті жаттықтырушы Ерлан Оқасов.

Сонымен қатар, қарағандылық ойыншылар жеке сыйлықтарға ие болды. Сонымен, Кирилл Дуров үздік шабуылшы, ал Жарқынбек Рыспеков үздік қақпашы деп танылды.

Командалардың тәлімгерлері – дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы жаттықтырушы Ерлан Окасов және UEFA жаттықтырушысы Александр Дьяченко.

Еркін РЫМҒАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *