Күллі кәсіпкер, еңбек иелері қолындағы азғантай дүниені дөңгелетіп, әуелі шаруасын үйде бастағандар. Әуелі шаруашылық ұстаудың ретін табу, оны айналымға шығару, реттестіру, сата білу деген сияқты жұмыс сатылары жетіп артылмай ма? Оңай емес, бірақ онсыз болмайды. Мәселен, шаруашылығын ет деликатесін үйден өндіруден бастаған Алена Ахтямованың еңбек жолы мен жұмысын үйлестіруі кәсібін енді ашқандарға кәдімгідей тиімді жол десек артық емес.
Бастапқыда үй жағдайында қозғала бастаған Алена Олеговна маңайындағының бәрін шаруасына жұмылдыруға тырысты. Ол әңгімесін былай деп өрбітеді.
«Қазіргі таңда мен «Дымовар» сауда белгісімен шығатын үй жағдайында ысталған өнімдер өндірісінің басшысымын.
2023 жылы Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткен «Бір ауыл – бір өнім» байқауының финалистері атандық.
Байқау аясында біз орасан зор қолдауға ие болдық: ет деликатестерін кәсіби түрде өндіруге және сертификаттауға қатысты бірқатар оқудан өттік.
Сондай-ақ, біз 5 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант алдық. Осының арқасында өз ассортиментімізді кеңейтіп, құрал-жабдықтар сатып алдық, екінші өндірістік цехты, сонымен қатар «Дымовар» сауда белгісінің алғашқы фирмалық дүкенін аштық», – дейді.
Қазір оның мемлекеттік қолдаудың арқасында «Дымовар» отбасылық бизнесі жаңа деңгейге көтерілді. Ет деликатестерін үй жағдайында өндіруден бастаған кәсіпкер Алена Ахтямова «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 5 млн теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.
Грант қаражатына өндірістік цех жалданып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Атап айтқанда, түтіндету камерасы, вакуумды маринатор және слайсер алынды. Бұл өнім түрлерін кеңейтіп, алғашқы фирмалық дүкенді ашуға мүмкіндік берді.
Бүгінде «Дымовар» шұжық өнімдерін, ысталған тағамдарды, еттің алты түрінен жасалған бұқтырманы, паштет, ысталған құйрық майы мен жартылай фабрикаттар шығарады. Өндірістің кеңеюі биыл бес жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік қолдаудың тағы бір маңызды бөлігі – оқыту. Мамандар заңнама талаптары мен ет өндірісінің ерекшеліктерін түсінуге көмектескен.
Ерзат ЕРМАҒАМБЕТ
