Кәсіпкерлерге құлаққағыс!

Business.enbek.kz  порталында 20 мамырдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға онлайн-өтінімдерді қабылдау басталады. Республика бойынша бірінші лекке 4500 грант бөлу жоспарланып отыр.

Төлем мөлшері 400 АЕК (1 467 800 теңге) құрайды. Грант жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі.

Грант алуға үміткерлер:

— тіркелген жұмыссыздар;

— жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі үш жылға дейін).

Бұл ретте үміткер мынадай әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:

— мүгедектігі бар адамдар;

— «қандас» мәртебесі бар тұлғалар;

— өңіраралық қоныс аударушылар;

— аз қамтылған отбасы мүшелері;

— көпбалалы отбасы мүшелері (жұбайы/зайыбы);

— мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілер (жұбайы/зайыбы);

— асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Өтініш беру үшін сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:

— порталда тіркелу;

— грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;

— бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алыңыз, оны толтырыңыз және порталға жүктеңіз;

— өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады.

Үміткерде 3 жылдан аспайтын мерзіммен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.

Грант алу шарттарымен Business.еnbek.kz порталында танысып, 31 мамырға дейін өтінім беру қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *