Кадрлық өзгерістер орын алды

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бибігүл Төлегенова Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Әбеуова зейнет демалысына шықты.

Кадрлық өзгерістер туралы аппарат отырысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады. Аймақ басшысы бұрынғы қызметкерлерге адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

Бибігүл Төлегенова денсаулық сақтау басқармасындағы 23 жыл ішінде жетекші маманнан басшыға дейінгі еңбек жолын жүріп өтті, деп атап өтті облыс әкімі.

Салтанат Әбеуова 40 жылға жуық мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Аудан әкімі лауазымын алған алғашқы әйел болды. Ақтоғай ауданының әкімдігін басқарды. 2023 жылдың ақпанынан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *