Колледж жабылды, студент сабылды

Алдын-ала қамданыс жасамай, студенттерді далада қалдыра жаздаған оқу орыны басшылығы «Біздің колледжді ұстау негізгі бағытымыз емес» дегеннен басқа уәж айтар емес.

Сөз еткелі отырғанымыз Қарағандыда медициналық университет жанындағы колледж. Осы оқу орыны ақыры жабылып тынды. Оқу орнының лицензиясының жарамдылық мерзімі  бітіп, оны қайта алуға мүмкіндік жоқ екен. 200‑ден аса болашақ фельдшер, медбике мен тіс дәрігерлері енді басқа колледждерге ауыстарылмақшы.
«Бізге алғашында 4 курсқа дейін оқисыңдар, алаңдамаңдар осы медициналық колледж дипломын аласыңдар» дегенді айтып отырған оқушылар бүгінде тығырыққа тірелген.

Университет басшылығы оларға Қарағандыда бар екі оқу орны ұсынған. Сонымен қатар олар қалауынша басқа қалаларда да оқи алады.

Оқу орнының өзінде университет жанындағы колледж осыдан екі жыл бұрын жабылуы жоспарланғанын айтады. Сол кезде-ақ абитуриенттерді қабылдау тоқтапты. Қалғанын оқытып шағаратын болған. Бірақ оқу ордасында биыл қайта ұйымдастыру жүрген. Сондықтан барлық лицензяны қайта алуы керек. Ал жақында жабылайын деп жатқан колледж жаңа талаптарға сай келмейді. Студенттермен қатар 22 педагог қысқартуға ілінді.

– Біз дәрігерлерді даярлау мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі даярлыққа мән береміз. Ал орта кәсіби білім беру мен дайындау бізге қиындау болып тұр. Бұл медицина университетінің негізгі бағыты емес, – дегенді алға тартты Қарағанды медициналық университетінің проректоры Қуатбек Төлеубеков.

Ал дәріс алушылардың айтары басқа. «Алғашында 3-курста 4-ші курсқа дейін оқытамыз, бәрі жақсы болады, оқуымызды бітіріп, медициналық колледжіміздің дипломын аламыз деп қайта айтты. Әрине, ренжідік, өйткені олар оқуыды осы жерде бітіресіңдер деп уәде берді», – дейді студент Ангелина Гирковая.

Облыс әкімдігі университет тарапынан студенттер арасында қажетті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуі студенттер мен оқытушыларға қосымша қиындықтар туғызып отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Әкімдік студенттер мен жұмысшылар үшін келеңсіз зардаптарды барынша азайту және оқу үдерісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Облыс әкімінің орынбасары Ораз Таурбековтың жетекшілігімен мәселені шешу жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда студенттерді басқа медициналық колледждерге ауыстыру және колледж оқытушыларын жұмысқа орналастыру шарттары талқылануда.

Сонымен 218 студент басқа медициналық колледжді аралап кетті. Оқушылардың ата-аналары заңгер  жалдап әділдік іздеуде.

«Мұны түсіну өте қорқынышты, өйткені біз бұған психикалық тұрғыдан дайын емеспіз. Бәріміз бір-бірімізге үйреніп қалдық. Мен бұл колледжді таңдадым, өйткені мен шетелде жоғары білім алу үшін, сонымен қатар медицина саласында оқығым келді. Егер мен Интерколледжге немесе Жоғары колледжге ауыссам, менде мұндай мүмкіндік болмайды», – дейді 3 курс студенті Алдияр Әлімғазыев.

Сонымен қатар, оқуын жақсы меңгеріп алған студенттер алдағы сессияға дайындықты да бастап кетсе керек.

«Қазір біз қысқы практикаға, емтиханға, сессияға дайындала бастадық. Әрі қарай не болатынын елестете де алмаймыз. Енді қайда барарымызды білмейміз», – дейді Юлия Денкова..

Армандары асқақ жастар осы оқу орныны толыққанды, лайықты білім алу үшін таңдаған. Өйткені колледждердің беделді болған екен.

Осы жаңалықты естіп есенгіреп қалған студенттер моралдық соққы алдық, дегенді де алға тартады.

Студенттер колледждің өңірдегі ірі компаниялардың бірімен ынтымақтаса жұмыс істеп, жоба дайындап, бір жарым жыл оқығандарын да жеткізді.

Университет басқармасы болса колледждің жабылуын түсіндірп әлек. Оқиға 2019 жылы медициналық университет Ұлттық кәсіби денсаулық және кәсіптік аурулар институтымен біріктірілген кезде басталған.

Бірақ CMU колледжі бәрібір жабылатын болды. Екі жылдан бері бірде-бір студент қабылданбаған.

«Енді лицензия алуымыз керек болып шықты, бірақ бізде екі жылдан бері студенттер қабылданбағандықтан, оны ала алмаймыз. Бұл қазірдің өзінде біліктілік талаптарының бұзылуы және уәкілетті орган бізге лицензия бермейді. Екінші жағынан, бізде бұл екі курсқа оқытушылар жоқ. Шындығы сол, егер қабылдау болмаса, мұғалімдер де жоқ. Біз талапқа сай емеспіз, жұмысты жалғастыра алмаймыз. Бірақ, заңға сәйкес, біз белгілі бір сабақтастықты ұйымдастыруымыз керек және студенттерді басқа білім беру ұйымдарына ауыстырамыз», – деп түсіндірді Қарағанды медициналық университетінің проректоры Қуатбек Төлеубеков.

4 курс студенті Жұлдыз Керімқұлованың анасы болса:  «Керек болса Президентке барамыз. Үшінші және төртінші курстағы балалардың бүкіл легі колледжден қуылады! Ал тоғызыншы курстан кейін балалар сол жерде әрі қарай оқуға, жоғары білім алуға мүмкіндік болсын деп, медициналық академияның жанындағы медициналық колледжге мақсатты түрде түстік… Түсінгенім, олар бірінші немесе екінші курсқа түспеген. Бірақ олар үшінші немесе төртінші курсты аяқтауы керек! Неге біз енді Интерколледжге немесе басқа  колледжге баруымыз керек? Біріншіден, бұл мүлдем басқа деңгей. Жасыратын не бар? Медициналық академия жанындағы медициналық колледж – ол тіпті Германияда да бағаланады. Қарағандыдағы басқа колледждер туралы айтуға болмас» деп жанайқайын жеткізді.

Не болса да ертерек қамданбаған Қарағанды медициналық университетінің басшылығына бұл ауыр сын болмақ. Ал сабылған студент қайтпек?

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *