Ұландықтар ұлы отан соғысының ардагеріне көмек көрсетті

      Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімнің әскери қызметкерлері «Ұлы жеңіске 80 жыл» акциясы аясында  ұлы отан соғысының тыл ардагері Медведев Александр Павловичке көмек көрсетті. Ұландықтар қақаған қыстың суығына қарамай ардагердің үйіне барып, жиналып қалған қалың қарды тазалап тастады.

  • Біздің ұландықтар әр жыл сайын ұлы отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсетеді. Бұл біздер үшін бұрыннан қалыптасып кеткен жақсы іс-әрекет десек те болады. Міне, биылғы жылы Ұлы отан соғысының 80 жылдығына орай біз ардагерлерімізге ерекше құрмет көрсетіп, қол ұшымызды созудамыз- деп атап өтті тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы подполковник Бондаренко Алексей.

Бүгінгі күнде, Александр Павлович ұландықтардың көмегінен қуанып, өзінің ыстық лебізінде білдірді.

  • Мен үшін мені құрметтеп сыйлап келетін әрбір жан ыстық. Ал, Ұлттық ұлан сарбаздарына келер болсам, жыл сайын күннің ыстық суығына қарамай маған өздерінің көмек қолдарын созады. Сол үшінде менің Ұлттық ұланға деген алғысым шексіз — деп атап өтті тыл ардагері Александр Медведев.

Міне, бүгінде ұландықтар тек Қарағанды қаласында ғана емес еліміздің барлық аймағында ұлы отан соғысының ардагелеріне көмек көрсетуде.

ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *