Ұландықтар оқ атудан үздіктер қатарына кірді

2024 жылдың 27 тамыз күні Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен конституция күніне орай оқ атудан күш құрылымдарының арасында командалық чемпионат өткізілді. Аталмыш, сайысқа Қарағанды облысына қарасты аймақтардан келген полиция қызметкерлері мен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Қарағанды облысы полиция департаменті басшысының орынбасары полковник Ибраев Дәурен сөз сөйледі:

  • Құрметті жарысқа қатысушылар, еліміздің ата-заңы күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл сайыстың сіздерге берері көп деп сенемін. Конституция бұл еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері қалыптасқан заңы. Сондай-ақ, еліміздің негізгі заңы бұрынғысынша егемен Қазақстан дамуының басты шарты болып қала береді.Алдағы келе жатқан мереке қарсанында біз сіздерге және отбасыларыңызға әрдайым бақыт, денсаулық тілейміз.Бүгінгі жарыста жеңімпаз барлықтарыңыз бола аласыздар сіздерге тек сәттілік-деп жарыстың ашылу салтанатын тәмамдады.

Аталмыш бұл жарысқа қатысқан 37 спортшы ең алдымен өзара Макаров тапаншасы арқылы нысананы дәл көздеді. Ал екінші кезеңде спортшылар Калашников қаруы мен сынға түскен болатын. Тартысқа толы болған сайыс қорытындысы бойынша, бірінші орында полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету отряды алса, екінші орынды Абай ауданының полиция басқармасы қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы жеңіп алды. Жарыс соныңда жеңімпаз атанған командаларға арнайы мадақтамалар мен медальдар берілді.

 ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *