2026 жылдың 21 сәуірінде Түркия Республикасының Кемер қаласында өткен Fibonacci International Mathematics Olympiad – Eurasia Championship халықаралық білім додасының әлемдік финалында Ақадыр кентінің Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің оқушылары зор жетістікке қол жеткізді. Дарынды мектеп шәкірттері өз білімдері мен біліктерін жоғары деңгейде дәлелдеп, әлемнің үздік командалары арасында ТОП-5 үздіктер қатарына еніп, үлкен абыройға ие болды.
Осы жетістік ұстаздар мен оқушылардың тынымсыз еңбегінің, сапалы білім мен табанды дайындықтың нақты нәтижесі деп білу керек. Халықаралық деңгейдегі үлкен жеңіс – тек жеке жетістік қана емес, бүкіл мектеп ұжымының ортақ мақтанышы.
Аталған білім бәйгесінде жүлделі орындарға ие болған оқушылардың көрсеткіші төмендегідей:
Құрмаш Санжар – І-орын, жетекшісі: Махмутова С.К;
Арқалық Анар – ІІІ-орын, жетекшісі: Мұқыш А.Е;
Аманғали Жантере – ІІІ-орын, жетекшісі: Бимакаева Г.Ж.
Осындай биік белестерді бағындыру арқылы олар еліміздің абыройын асқақтатып, болашаққа нық қадам жасауда.
Мектеп-лицейдің талантты оқушыларын осындай айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, білім көгінде биіктей беруіне тілектеспіз!
Болашақ – білімді ұрпақтың қолында! Жетістікке бірге жете берейік!
Қ.БЕКҚОЖИН,
Ақадыр кенті
