1 ақпаннан бастап Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жаңа ғимаратта жұмыс істей бастайды. Ведомство Чкалов көшесі, 7, мекенжайында орналасады.
Жаңа ғимаратқа келесі автобустармен жетуге болады: № 7, 33, 41, 121, 122, 127, 165 және микроавтобустар № 01, 02, 011, 28, 30 «Чкалов көшесі» аялдамасына дейін. Немесе «15-ші дүкен» аялдамасына (Бұқар жырау даңғылы) автобустармен жетуге болады № 45, 55, 70, 73, 107, 145.
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 95-55-80.
Байланыс телефондары:
— мүгедектігі бар адамдар: 95-55-83, 95-55-85, +7-708-436-07-15;
— мемлекеттік атаулы әлеуметтік, тұрғын үй көмегі: 95-55-82, +7-708-436-06-45;
— медициналық-әлеуметтік мекемелерге, Қарқаралы оңалту орталығына тіркеу: 95-55-84, 95-55-86;
— жеке көмекшілерге жалақы есептеу, мемлекеттік сатып алу: 95-55-81.