2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 127,8 мың тапсырысы орындалды.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше алып кету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Қазіргі уақытта Порталда 719 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 938 ОТҚ жеткізушісі, 31 мың жеке көмекші, 756 ымдау тілі және 129 шипажай-курорттық емдеу қызметін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1414 бірыңғай нөмірі бойынша қолдау байланыс орталығынан алуға болады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша