Qarmet не шешті?

Теміртауда Qarmet компаниясының стратегиялық сессиясы өз жұмысын аяқтады. Оған барлық бөлімшенің басшылары қатысты.

Бірінші күні Болат департаментінің болашағы талқыланды, онда маркетингке қатысты көптеген сұрақ қойылып, зор үміт артылған болатын.

«Біздің бетпе-бет пікірлесіп, ой бөліскеніміз маған ұнады. Осы шараға қатысушылардың барлығын атап өткім келеді. Бірінші күні біз Болат департаментінің болашағын талдадық. Онда көптеген сұрақ талқыланып, маркетингке бағытталған сауалдар жауабын күтті. Біздің жоспарларымызды ескере отырып, бұл межені жігіттер еңсереді деген сенімдімін», – деді Qarmet компаниясының инвесторы Андрей Лаврентьев.

Стратегиялық сессиясының екінші күнінде Көмір, Темір кені департаменттері мен құбыр зауытының қазіргі жағдайы мен 2024 жылға арналған жоспарларын қамтыды.

«Жаңа инвестор келген кезде компанияда тек 5 лава, 11 ұңғыма бригадасы жұмыс істеді. Шахталар бұрын қабылданған шешімдер негізінде сондай күйге түсірілген. Оған бүгін түсініктеме беру қиын. Мысалы, 2021 жылдан бастап Тентек шахтасы тоқтап тұр. Сонымен қатар көп мөлшерде қымбат жабдықтар сатып алынды. Олар барлығы ерекшелік сұрауларына жауап бермейді», – деді көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов.

Ол бүгінгі күні бірлескен күш-жігермен еңбек қауіпсіздігіне баса назар аударуды ескере отырып, жағдайды кезең-кезеңімен тұрақтандыру жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Жаңа саясатпен біз жұмыс тәжірибесіне қажетті өзгерістерді енгізе аламыз. Желтоқсан айында біз ұңғыма жұмыстарын бастадық. Барлығы 23 бригада. Ұңғымасыз шахталарда болашақ жоқ. «Абай» шахтасын іске қостық. Бірінші тоқсанда тағы екі шахта ашуды жоспарлап отырмыз. 2024 жылға арналған жоспарлар айтарлықтай зор демесек те, тоқыраудан шығамыз», – деп қосты Жақан Мұхамеджанов.

Сондай-ақ, қысқа мерзімді кезеңге арналған егжей-тегжейлі жоспарлармен Қарағанды көмір бассейні кәсіпорындарының басшылары сөз сөйледі. «Қазақстан» шахтасының директоры Владимир Шнель қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылға қарай екі лаваның болуына мүмкіндік беретін, бірнеше кезеңде көмір өндіруді қайта жандандыруға жол ашылатынын атап өтті.

Ленин атындағы шахта директоры Валерий Хан 2024 жылы 1,2 млн тонна көмір өндірудің оң болжамын талдады. Сонымен қатар, ұңғыма 37%-ға артады.

«Саран» шахтасы 1,3 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді директор Сергей Банмиллер. Ол үшін 2024 жылы екі лава іске қосылады

«Білесіздер ме, мен Көмір департаментінің жұмысына көп уақыт бөлемін. Жақан Жолымбетұлы, әріптестер, қазір сіздерге ең үлкен жүктеме және жауапкершілік артылып отырғандығын жақсы түсінемін. Соңғы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, сізге моральдық тұрғыдан қиын. Сіз менің қолдауыма толықтай сенім артуыңызға болады. Әлемдегі көмір химиясы енді ғана дами бастады және осы дәуірде біз үлкен күш-қайратпен кіруіміз керек. Құрметті кеншілер, сіздердің тәжірибеңізге мен сенемін», – деп атап өтті Андрей Лаврентьев.

Сессияда темір рудасы бөлімшесі мен құбыр зауытының басшылары сөз сөйледі. «Өркен» ЖШС Лисаков, Кентөбе, Атасу, Атансор кен орындарының темір кенін өндірумен, өңдеумен, байытумен және кейіннен комбинатқа дайын өнімді жеткізумен айналысады.

«Біз жалпы қоры 6 млрд тонна болатын Қазақстандағы ең ірі кен орны екенімізді атап өткен жөн. Бүгін біз темір құрамын 60%-ға дейін фосфорсыздандыру бойынша, марганец концентратын өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге, жалпы өндіру көлемін орта есеппен 10%-ға арттыруға дайынбыз. Бұл жерде Лисаков пен Атасқа қатысты оң болжамдар бар», –  деді «Өркен» ЖШС директорының м.а. Махмұт Мұстафин.

«Құрылысмет» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Ғабит Омарханов кәсіпорынның бір кездері бас компанияның өмірінен тысқары бөлініп қалғанын айтып, әріптестерінің назарын аударды. Ал бүгінгі қуатты жүктеме шамамен 25% құрап отыр.

«Бұл бағаланбаған сериялық өндіріс. Станоктар мен персоналдармен проблемалар бар. Алайда бүгінде біз 6 000-нан астам атаулы позицияны игердік және күштік гидравликаны, құю өндірісін, энергия жабдықтарын дамытуға дайынбыз», – деп атап өтті Ғабит Омарханов.

Компания акционері Темір кені департаментінің жарияланған жаңа жобалары қаржыландырылатынына сендірді. Бұдан басқа, әлеуетті міндеттерді шешу үшін Qarmet компаниясының үздік кадрлары тартылатын болады.

«Құрылысмет» пікірін тыңдағаныма өте қуаныштымын. Машина жасаушы ретінде құю өндірісі бізге жақын деп айтуға болады. Станок паркіне келетін болсақ, бұл тіпті мәселе емес. Егер инвестиция салуыңыз керек болса – біз инвестициялаймыз. Бізде кәсіпорынды қалай дамыту керектігінің формуласы бар», – деп атап өтті Лаврентьев.

Жалпы күш-жігермен компанияның жаһандық нарықта өз орнын берік иеленуіне көмектесетін өнімнің негізгі құнын шұғыл түрде анықтау және тұрақтандыру қажет екендігі ерекше атап өтілді.

«Ең бастысы, біз жаңа Qarmet-тің құрылысшылары екенімізді түсінуіміз керек. Кәсіпорынның жаңа тарихын енді біз жазамыз. Сондықтан баршаңызға күш-жігер, табыс пен сәттілік», – деді Андрей Лаврентьев әріптестеріне.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *