Жаңа электр желілері салынады

Теміртауда Ескі қала мен оң жағалау тұрғындары электр желілерінің үзілуіне шағым түсірген болатын. Мұның себебі – 50-ші жылдары салынған желілердің тозуы. Бұл мәселені шешу үшін биыл жаңа электр желілері салынады.

Қарағанды облысының әкімі Теміртауға жұмыс сапарымен барып, жылыту маусымының өтуін тексерді.

Өңір басшысына Qarmet ЖЭО-2 және ҚарМАЭС-1 компаниясындағы жағдай туралы баяндалды.

ЖЭО-2 жылу бес қазандықтың көмегімен өндіріліп жатыр, алтыншы резервте. Үш турбина жұмыс істеп тұр. Температуралық кесте сақталуда. Көмір мен мазут қоры жеткілікті.

– Жалпы, бұл жылыту маусымы өткен қыс мезгіліне қарағанда әлдеқайда тұрақты. Температуралық кестені ЖЭО-2 және ҚарМАЭС-1 сәйкесінше сақтап отыр. ҚарМАЭС бойынша сұрақтар болды, бірақ олар шешілуде, – деді Теміртау әкімінің орынбасары Ринат Қыдырбеков. – Ескі қала мен оң жағалау тұтынушыларын энергиямен жабдықтауды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдануда. Өткен жылдан бастап жаңа желілер құрылысын жобалау басталды. Жобаны биыл іске асырамыз, құрылыс-монтаж жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *