Биыл Құрбан айт 16 маусымда басталып, үш күнге созылады. Қарағандыда құрбандыққа шалынған малды союға арналған орындар анықталды.
Қала әкімдігі үш алаң жұмыс істейтінін хабарлады:
— Резник көшесі, 18 («Әбішева А. О.» ЖК),
— Гоголь көшесі, 2/23 («Арай KZ» ЖШС),
— С. Сейфуллин көшесі, 53 («Хасенов» ШҚ).
Қарағандылықтарды ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтауға шақырады.
Сондай ақ құрбандыққа онлайн режимінде тапсырыс беруге болады qurban2024.kz.