Роналдудың әпкесі: «Корольге лайықты қарым-қатынас жасады»

«Әл-Наср» сапын толықтырған португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың әпкесі Катя Авейру інісінің клубтағы ресми таныстырылымына баға берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

«Қандай әдемі! Корольге лайықты қарым-қатынас жасады», — деп жазды Авейру өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетелік, 2025 жылға дейін саудиялық клубпен келісімшартқа отырған Роналду жаңа командасы үшін алғашқы ойынын 22 қаңтар күні «Әл-Иттифакаға» қарсы өтетін матчта өткізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *