Саран жастарына жағымды жаңалық

Саран қаласында жұмыс істейтін жастарға арналған жаңа тұрғын үй-ипотекалық бағдарлама басталды. Құжаттарды қабылдау 25 қазанға дейін жалғасады.

«Саран жастары» бағдарламасы 35 жасқа дейінгі жас мамандарға арналған. Қалада кемінде бір жыл тұратын және жұмыс істейтін жастар тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген қарыз ала алады.

– Бұл Саран әкімдігі мен «Отбасы банкі» бірлескен жобасы, – дейді Саран қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй қатынастары секторының меңгерушісі Анастасия Геращенко. – Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, әлеуметтік сала қызметкерлері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор, ТЖМ және «Қазпошта» коммуналдық кәсіпорындарының қызметкерлері қатысады. ҚР азаматтығы және болашақ қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы міндетті.

Жеңілдетілген қарыз 12 млн теңгеге дейінгі сомаға 6%-бен беріледі. Бастапқы жарна қарыз сомасының 10% құрайды, ипотека 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Тұрғын үйді жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама нарығында сатып алуға болады.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

— жеке куәлік;

— азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (неке қию және балалардың тууы туралы куәлік – болған жағдайда);

— өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама;

— ресми бланкіде жұмыс орнынан анықтама (ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс);

— еңбек өтілін растайтын құжат;

— еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме;

— мүгедектік туралы анықтама (бар болса).

Қатысушыларды комиссия іріктейді.

Құжаттарды 25 қазанға дейін мына мекен-жай бойынша тапсыру қажет: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 65, каб. 7. Qyzmet korsetyshi Akimdik фронт-офисі (қалалық әкімдік ғимараты).

Жұмыс уақыты: 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14: 30-ға дейін).

Қосымша сұрақтарды мына телефон арқылы қоюға болады: (8-72137) 7-39-14.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *