Сарбаз қырағылығы – қауіпсіздік кепілі

6505 әскери бөлімінде әскери қызметші қашпақ болған сотталушыны дер кезінде тоқтатты

ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздың қырағылығының арқасында төтенше жағдайдың алдын алынды.

Аталған әскери бөлімге қарасты 29 мекеменің күзет қызметін атқарып тұрған қатардағы Рыскулов Мырсалим 9-бекетте кезекшілік атқару барысында сотталушының қашпақ болған әрекетін байқап қалған. Жағдайды дереу бағамдаған сарбаз байланыс құралдары арқылы оқиғаны кезекші қарауыл бастығына шұғыл түрде баяндап, сотталушыға дабыл жасап, ескерту ретінде аспанға бір рет оқ атқан.

Қатардағы Рыскуловтың жедел әрекетінің арқасында сотталушы тоқтап, осы сәтте жетіп келген бақылаушылар взводы қашпақ болған адамды ұстап, жағдай толық бақылауға алынды.

Бөлім басшылығының айтуынша, Мырсалим Рыскуловтың бұл әрекеті әскери қызметшіге тән жауапкершілік пен қырағылықтың айқын көрінісі. Оның батыл шешімі мен салқынқанды әрекеті мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алуға септігін тигізді.

Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *