Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды көшелерінде таңертең жаяу серуендеуін жалғастыруда. Ол Әлихан Бөкейхан ауданы және қала әкімімен Майқұдықты аралап қайтты.
Алғашқы сенбіліктер өтті.
Мыңға жуық қоқыс шығарылды. Бірақ әлі де жұмыс жетерлік: шашылып жатқан пакеттер, пластик бөтелкелер және т.б. Облыс әкімі мердігерлерге жұмысшылар санын көбейтіп, өз учаскелерін белсенді түрде ретке келтіру қажеттігін атап өтті.
– Қазір үйлердің жанынан өтіп, олардың кейбірінің балконының астында тұрмыстық қоқыстар өте көп екенін байқадым. Өкінішке орай, оны тұрғындар терезелер мен балкондардан тастайды. Қала тұрғындары шетте қалмауы керек, сыртқа шығып, тазалап, ПИК-пен қоса тазарту жұмыстарына жұмылдырылуы керек, – дейді Ермағанбет Бөлекпаев. – Сондай-ақ, кәсіпкерлер өз нысандарының жанында тазалық орнатуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде 6 сәуірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Ол 11 мамырға дейін жалғасады. Бір ай ішінде қалалар мен аудандарда сенбіліктер өтеді. Тұрғындардан, еріктілерден шетте қалмауды және елдімекендерді тазалауға белсенді қатысуды сұрайды.