Сезім мен тағдыр: Наталья Харлампьеваның лирикалық әлемі

Назарларыңызға Якутияның халық ақыны, А.Пушкин медалінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, А.Твардовский атындағы Бүкілресейлік әдеби сыйлықтың, П.Ойунский атындағы Саха (Якутия) Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Якутия Жазушылар одағының басқарма төрағасы Наталья Харлампьеваның бір топ өлеңін ұсынамыз. Тәржімалаған – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәлел ҚУАНДЫҚҰЛЫ.

 

ПОСВЯЩЕНИЕ ВНУКУ

 

1.

В святом Иерусалиме,

В его стеклянном дыме,

Я под стеною Плача

Так о тебе молила!

 

В моём родном Магане,

В сиреневом тумане,

Я средь берёз знакомых

Тебе искала званье.

 

В Москве, дождём политой,

Ночною тьмой укрытой,

Услышала я плач твой,

Твой голос басовитый.

 

Мой внук,

Мой повелитель…

 

2.

Мой господин, явился ты откуда?

С каких таких неведомых высот?

Когда решил явить себя как чудо

Для глаз моих – как щедрость из щедрот?

 

Какие звёзды, трепетно сияя,

Тебе твой дальний высветляли путь?

Что выберешь ты, землю озирая?

Куда решишь стремительно шагнуть?

 

Ты на моих руках, как в колыбели;

Тебе на них – надёжно и тепло.

Я верю: ты себя проявишь в деле.

Пока же время дела не пришло.

 

Молюсь я Богу всей душевной силой

За то, что вижу облик этот милый.

Моё золотое зернышко,

Моё золотое крылышко…

 

3.

 

Счастье моё, которое взять могу на руки,

Внучок, золотое зёрнышко, золотко,

Знать не знала, что ты

Так запросто ко мне пожалуешь.

 

Знать не знала, что моя жизнь

Улыбкой твоей озарится,

Что в запахе твоих волос

Счастье мне почудится.

 

Свои крепкие крыла

Над тобой я простёрла,

На грядущих путях твоих

Свой подол широко расстелила.

Расти, мой маленький.

Мой повелитель,

Мой господин,

Птенчик мой!

 

4.

 

Нарисуй мне, внучек мой,

Небосвод над головой,

Солнце белое и звёзды,

Снег летящий ночью поздней.

 

Нарисуй мне, внучек мой,

Ысыаха рой людской,

День, когда ликуют души, –

Летний, славный, самый лучший!

 

Нарисуй… Рисуй, мой милый!

Напою я сердце силой.

Посижу с тобою рядом –

Жизнь твоим окину взглядом.

Нарисуй мне что-нибудь –

Озарится светом путь!

 

Перевод И. Тертычного

 

НЕМЕРЕМЕ АРНАУ

 

1.

Құдыстағы аңызға бай, күй елі,

Иерусалим өлкесінде киелі.

Жаратқаннан сұрап едім өзіңді,

«Зарлы қабырғаға»* тұрып сүйеніп.

 

 

 

Бозқараған тұмандардан шарпыған,

«Маганымның»* ауасынан аңқыған.

Мен өзіңе тәж іздеп ем жарығым,

Қайыңдардың арасынан шалқыған.

 

Мәскеу. Нөсер құйып тұрды кешқұрым,

Келе жаттым тыңдап өмір есті үнін.

Қараңғыны шуағымен қақ жарған,

Іңгәлаған дауысыңды естідім.

 

«Бар-жоғымның патшасысың!» деген ем,

Өмірімнің бақшасының – немерем!

 

 

2.

 

Балбөбегім, Құдай берген сыйсың – сен,

Асқар шыңдай аласармас күйсің – сен!

Мына әлемге нұр тараттым сембейтін,

Жұтып алып, сенің жұпар иісіңнен.

 

Қандай жұлдыз сәуле шашып, жарқырап,

Жолыңды ашқан, жамандықты қалқып ап?

Қай бағытқа бой түзейсің енді сен,

Ізгіліктен жаратылған бал құрақ?

 

Алақаным бесік болса тербеткен,

Ал, құшағым аялаған жөргектен.

Әлі-ақ, ертең, батыр болып өсерсің,

Ешбір теңі табылмайтын жер-көктен.

 

Ниетің ғой, арманға жол салатын,

Қалауым сол, талмасыншы қанатың.

Мынау жарық әлемдегі тілеуім,

Адал болсын менің алтын немерем,

Аман болсын мәңгі алтын қанатым!

 

3.

 

Жан немерем, құндақтаулы сәбиім,

Алтын күнім, қорғап жүрер нәби үн.

Өн бойында бір міні жоқ періштем,

Аялайды мәңгілікке әлдиім.

 

Күміс күлкің жанымды әне жылытты,

Сыңғыры оның бөлек еді, тұнық-ты.

Хош иісі тарам-тарам шашыңның,

Бақыт иісі екен, енді ұғыппын.

 

Қанатымды ешбір талмас айбынмен,

«Келешегің ақ болсын!» деп жайдым мен.

Келер күнің нұрлы болсын әмәнда,

Үмітім зор әр күннен!

 

Менің патшам, мырзам менің, ақ-құсым,

Болашақтың майырылмас тап, күшін!

 

4.

 

Тымық түнде ашық аспан астында,

Қалықтаған қарды көрсем деген ем.

Жымиған күн, жымың қаққан жұлдыздың,

Айнытпай сал суреттерін немерем.

 

Жазды салшы, жадыраған бейнесін,

Бар атырап кигенде көк жейдесін.

«Ысыаха» мейрамында адамдар,

Шаттанғанын жоғалтып ап, кейде есін.

 

Суретіңде жайнасыншы кең жалған,

Қаламыңда жанға қажет ем қалған.

Бәрін бағып отырайын қасыңда,

Бізден қашып құтылмайды енді арман.

Бір сәт дәмін татайыншы бақыттың,

Ең болмаса, суретіңнен сен салған…

 

ВОСПОМИНАНИЯ О МАТЕРИ

 

1.

 

Умерла моя мама внезапно,

Нет её на срединной земле.

И зови – не дозваться обратно.

Нет для сердца тоски тяжелей.

 

Ощущаем сиротство мы с братом,

Хоть и взрослые мы – семьи, дела…

Нет единственной, что нас когда-то

В этот солнечный мир привела.

 

2.

 

Мама часто вспоминала

те таёжные места,

Где душа её взрастала,

Так наивна и чиста.

 

Ей о счастье так мечталось

Предвоенною порой!..

Но судьбой приберегалось

Горе-горькое с бедой…

 

Но забылось всё плохое,

Маме помнились всегда

Горы снежные в покое,

Голубых озёр вода.

 

На деревьях хрупкий иней,

Лето красное в цветах…

Духи добрые поныне

Обитают в тех краях.

 

Не была я – так уж вышло –

В светлом мамином краю.

Мама, мама, в мире вышнем

Не сердись на дочь свою!

 

3.

 

Дыхание осени пока

Не ощутимо, мама,

В разгаре август, и река

Не холодеет, мама.

 

Ещё поля сжигает зной –

Не налились колосья.

Ещё берёзы желтизной

Не расписала осень.

 

А ты вернулась в те края,

Откуда нет возврата.

И холод ощущаю я,

Смертельный холод вечный…

 

Перевод Т. Четвериковой

 

АНАМ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР

 

1.

 

Мейірбаным, жанашырым, анашым,

Қапияда тастап кетті баласын.

Енді қайта гүл дидарын көру жоқ,

Қалай жазам жүрегімнің жарасын?

 

Ағам барда жылу күтпен жат елден,

Мұны мүлде шығарамын қаперден.

Жер бетіне біз де әкелдік бір шуақ,

…анамыз жоқ бізді өмірге әкелген.

 

2.

 

Анам жиі еске алатын,

Ұлы Тайга жерін көп.

Байтақ, сұлу одан артық,

Жер бетінде орын жоқ.

 

Бақыт жайлы армандамай,

Өмір сынын сезер кім?

Тағдырына еш мойымай,

Бағы болды өзі елдің.

 

Қиын шақтар ұмытылған,

Ұмытпапты елді анам.

Қарлы шың мен көк көлдердің,

Шуы кетпей санадан.

 

Ағашында нәзік аяз,

Жаз бар қызыл гүлдерде…

Көңілдерде мәңгі көктем,

Көктеп тұрар күлгенде.

 

Ол өлкені баспасам да,

Ана сүті құтты аса…

Кешір ана, сен сияқты,

Елім мақтан тұтпаса!

 

3.

 

Күрсініп тұр күзден шошып,

Тамыз қозғап наласын.

Суық өлке қаны бойда,

Тоңғаным жоқ, анашым.

 

Егістікте еңбек қайнап,

Қырман толы асқақ ән.

Ақ қайыңдар сарғайған жоқ,

Күз жайлы өлең бастаман.

 

Рухың елге оралды ма,

Аңсап ерні кезерген.

Келе жатқан күзге қарап,

Бір суықты сезем мен…

 

***

 

О, неужели и вправду я стану такой безучастной

И хладнокровно толкну его в спину: «Иди!» –

В топкие и болотные просторы этой земли?

А меня на любовь и добро благословили…

 

Сердце мое – для любви, для добра и для ласки!

Не для интриг, не для свар, не для тяжких обид.

Плачет оно от жестоких людских пересудов –

Разве для них я пришла в этот мир?

 

В мире другом, удивительно светлом и чистом,

Благословляли меня на любовь и добро.

Мне не сказали, что в мире изменчивом этом

Беды обступят, как злые собаки, меня.

 

Мне говорят: «Закаляйся, мужай и смиряйся»,

Мне говорят: «Надо жить, как другие живут»,

Мне говорят, что предательство, зависть и злоба

Были всегда на этой срединной земле.

 

Может быть, я скоро тоже смирюсь, закаляясь,

С серым ликом буду жить среди серых людей,

Стану тому, кто пришел для любви и счастья

Я говорить: «Закаляйся, смиряйся, терпи…»

 

О, неужели и вправду я стану такой безучастной

И хладнокровно толкну его в спину: «Иди!» –

В топкие и болотные просторы этой земли?

А меня на любовь и добро благословили…

 

 Перевод Г.Иванова

 

***

 

Жан-жүрегім текті қан мен адал сүттен жаралған,

Махаббат та, мейірім де, сол қайнардан нәр алған.

Қатыгездік, өсек-аяң жылатады жанымды,

Өмір мәнін жамандық пен сараңдықтан таба алман!

 

Мендік әлем шықтай мөлдір, атқан таңдай арайлы,

Көкірегім ізгілік пен адамдықты қалайды.

Өз тағдырым өзімдікі өзгесіне жоқ талас,

Қайда барсам, нұрға бөлеп өте шығам маңайды.

 

Бірі маған: «Көп көзінше күлім қағып жүр», – дейді.

Енді бірі: «Басқаларша мінсіз өмір сүр», – дейді.

«Сатқындық пен жауыздықты жоя алмайсың», – дейді олар,

Мендік жүрек ешбірін де қаперіне ілмейді…

 

Кейде ойлаймын, барлығына миығымнан күлсем бе,

Көп ішінде тәртіпті боп, мінсіз өмір сүрсем бе?

Тағдырыма бой ұсынып, төмен салып басымды,

Бес күндікте бақыр санап, күйбең күйттіп жүрсем бе?

 

Жо-жоқ, сірә, талас құрып, оңа алмаспын санаммен,

Құдай маған өлең берді, сырлас қылып ғаламмен.

Ақиқатшыл, адал, көркем қалыбымнан айнымай,

Жаратқанның дәргейіне алшаң басып барам мен!

«Өмір» атты дәптерімде өлең болып қалам мен!

 

***

 

Листочек жёлтый, чем тебя утешить,

скажи мне, сиротинушка моя?..

Исчезнет лето где-то неизбежно –

в чужих краях.

 

О, как тебя развлечь, листочек жёлтый,

мой одинокий, прямо мне ответь?..

Холодный дождь крылом вороньим

жёстким накрыл, как смерть.

 

Листочек жёлтый, чем унять твой трепет,

испуг твой перед долгою зимой?..

Печальное для нас настало время,

мой золотой.

 

Чем поддержать тебя?..

Жизнь быстротечна…

Любому увяданию — свой срок…

И лишь благословение навечно,

мой светлый умирающий листок.

 

Перевод М.Ахмедовой

 

***

 

Болмысың жетім сарын ба,

Жапырақ айтшы, назыңды?

Шақырам қалай сабырға,

Өткізіп алсаң жазыңды?!

 

Сап-сары менің саяғым,

Сергітер бар ма сағатым?

Ажал жаңбырың таяды,

Жайып ап, қара қанатын.

 

Көктемге дейін ал тыным,

Қысың да жақын дүлейлі.

Өлеңге көшсін жарқылы,

Біздегі үнсіз үрейдің.

 

Шарпыды жанды от талай,

Жаншылсақ-дағы сіріміз.

Зуласын уақыт тоқтамай,

Екеуміз мәңгі тіріміз!..

 

Қазақшалаған Жәлел ҚУАНДЫҚҰЛЫ

 

 

 

*«Зарлы қабырға»  – Иерусалимдегі тәу ететін киелі орын

* «Маган» – ақынның туған жері