Шахтинскте дайындық қалай?

Биыл Шахтинск қаласындағы ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтарға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

Шахан кентінің орталық қазандығында да жұмыстар жүргізіледі. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жөндеу кестесі мен ағымдағы ахуал туралы баяндалды.

Аймақ басшысы станция басшылығымен және мердігерлермен кеңес өткізді.

– Барлығын дұрыстап жөндеу керек. Жауапкершілік қатаң болады! Екі жыл бойы ЖЭО-ны ретке келтіру үшін қаражат бөлдік. Біздің тұрғындар қыста жаурап қалмас үшін бәрін жасаймыз. Ал жосықсыз мердігерлер келіп, барлық жұмысымыз құрдымға кетеді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Жөндеу жоспарлары туралы ЖЭО директоры Алтай Елжасов баяндады.

– Жөндеу науқанына қаражат бөлінді. Кестелер бекітілді, міндеттер қойылды. Жөндеу жұмыстарын өз күшімізбен бастадық. Сондай-ақ бірқатар конкурстар өткізілді, шарттар жасалды, мердігерлер жұмысқа кірісті. Екі турбина бойынша жұмысты шілдеге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, қазандықтарды жөндеу туралы шарттарға қол қойылды. Үш қазандықты жөндеуге конкурстар жарияланды, мамыр айында конверттер ашылады, – деді «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС директоры Алтай Елжасов.

Шахтинск қаласында орамішілік және магистральдық жылу желілері де ауыстырылатын болады. Сонымен қатар, шығындарды азайту мақсатында жылу оқшаулауын қалпына келтіру жоспарланған.

Шахан кентінің қазандығында екінші қазандықтың реакторына жөндеу, қазандықтардың қыздыру беттерінің жекелеген элементтерін ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізіледі.

Сонымен қатар, көмір жеткізу мәселесі шешілуде. Алтай Елжасовтың айтуынша, «Молодежный» разрезімен келіссөздер жүргізіліп, көмірді сынақтан өткізу жүргізіліп, оң нәтижелер алынды.

Сондай-ақ, балама ретінде Екібастұз кен орнының көмірін пайдалану нұсқасы қарастырылуда.

Ермағанбет Бөлекпаев бекітілген жұмыс кестесін сақтауды, жөндеуге жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Жақын арада мұнда мердігерлермен тағы бір кездесу өтеді, бақылау тұрақты болады, деп атап өтті ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *