Облыста қандай жолдар жөнделмек?

Биыл Қарағанды облысында жергілікті желі құрамына кіретін 571 шақырым автомобиль жолын жөндеу жоспарланып отыр. Ол жайлы облыс әкімдігінде өткен кеңесте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов баяндады.

– Биыл облыстық маңызы бар 178 км жолды, қалалар мен аудандарда 281 км және «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 112 км жөндеуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, ұзындығы 20 км Нұра – Осакаровка жолының учаскесі қайта жаңартылды, 19 км жолда асфальт төселіп болды. Қозғалыс рұқсат етілген ашық учаскеде жол жиектерін нығайту және тосқауыл қоршауын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Абай ауданында Жартас – Долинка жолының 21-ші шақырымын қайта жаңарту жалғасуда. 18 км жолға асфальтбетонның жоғарғы қабаты төселген. Жұмыс жалғасады. Ұзындығы 9 шақырым болатын Үштөбе – Құрылыс автожолының учаскесін қайта жаңарту жаңартылды, – деді Мақсұт Қожанов.

Теміртау – Токаревка автожолындағы Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жүріп жатыр. Саран – Шахтинск автожолының 19 шақырымын күрделі жөндеу жалғасады. Мұнда Шерубай-Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Сәкен Сейфуллин – Өспен – Ақадыр автожолының 26 шақырымында, сондай-ақ Ақсу-Аюлы – Ақтоғай автожолының 57 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көліктердің қарқынды ағынына байланысты ұзындығы 10 км Ақтас – Саран жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қарқаралы – Қоянды учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Облыстық маңызы бар Шахан – Молодецкое (5 км) автожолы мен Дубовкадан Саранға (6 км) дейінгі жолды қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленуде.

Қарағанды – Шахтинск автожолындағы екі көпірді қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде облыстық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде түтікшелі су өткізу құбырларын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, қолданыстағы су өткізгіш құбырларды ауыстыру және жаңа су өткізгіш құбырларды орнату бойынша 40 іс-шара жоспарлануда.

Облыс орталығында жөндеу-құрылыс жұмыстары 143 км немесе автомобиль жолдарының 127 учаскесінде өтеді. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен зертханалық сүйемелдеуге шарт жасалды.

Республикалық маңызы бар жолдар және жол бойындағы сервисті дамыту бойынша 2024 жылға «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Ерлан Жұмағұлов хабарлады.

– Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы 1853 км құрайды, оның ішінде 471 км қайта жаңартуда, 513 км ЖСҚ әзірлеуде, 127 км орташа жөндеумен қамтылған. Қарағанды – Балқаш жолымен (учаскенің жалпы ұзындығы – 363 км) жұмыстар 85% аяқталды. Асфальтбетон жабыны бар төрт жолақты жайластыру қамтамасыз етілді, сондай-ақ айналма жолдар толығымен алынып тасталды. Бүгінгі таңда жабынның жоғарғы қабатын орнату және жолды абаттандыру жұмыстары қайта жанданды. Осы жылдың соңында учаскені тапсыру жоспарда бар, – деді Ерлан Жұмағұлов.

Өңір басшысы аз да болса, сапалы жұмыс жасаған дұрыс екенін атап өтті.

– Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері жол жөндеу жұмыстарын ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Сіздер бұл жұмысқа жеке жауап бересіздер. Ұлттық жол активтерінің сапа орталығымен жұмыстардың және қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасына сараптама жасау үшін шарттар жасасу қажет. Бұл сіздердің кепілдіктеріңіз. Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *