Студенттер жарады

Еліміздің 50 жоғары оқу орнынан 2 500-ден астам студент қатысқан Республикалық студенттік спорт лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Жарыстар спорттың жеті түрі бойынша ұйымдастырылды: волейбол, баскетбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және қазақ күресі.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің футзал құрамасы жарыс барысында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, финалға дейін жетті. Шешуші кездесуде STU студенттері Атырау құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде команда республикалық студенттік спорт лигасының күміс жүлдегері атанды.

Финалға дейін университет құрамасы Шымкент, Алматы және Ақтөбе қалаларының командаларын сенімді түрде жеңіп, өздерінің жоғары дайындық деңгейін, кәсіби шеберлігі мен командалық бірлігін көрсетті.

STU футзал құрамасының соңғы жылдардағы жетістіктері:

2023 жыл – Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;

2024 жыл – Қазақстан чемпионы;

2025 жыл – Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері;

2026 жыл – Республикалық студенттік спорт лигасының күміс жүлдегері.

Бұл нәтижелер – университетте спортты дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың және студенттердің жоғары спорттық даярлығының айқын дәлелі.

Saginov Technical University құрамасын кезекті жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!