Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ортақ борышымыз

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске елеулі назар аудара отырып, өзін демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде бекітеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл  біздің ортақ борышымыз, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тұрақтылығына нұқсан келтіреді, елде жүргізіліп жатқан реформаларға кедергі келтіреді.

Мемлекет басшысы отырыстардың бірінде бірқатар тапсырмалар берді, олардың бірі қоғамда кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасында тұрақты толықтырулармен және жазаны қатаңдатумен қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылады.

ҚР заңнамасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін түрлі қауіптерден қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға біздің республикада тұратын барлық азаматтар қатысуға тиіс.

Сот жүйесінде құқық бұзушылықтардың тұрақты профилактикасын жүргізу маңызды, өйткені сот — бұл мыңдаған адамдардың жанжалдары шешілетін, сыбайлас жемқорлық көріністерін, кәсіпқойлық пен біржақтылықты болдырмау үшін, имиджге нұқсан келтірмеу және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін қалыптастыру үшін ең маңызды мемлекеттік институт.

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық сотында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша тиімді жұмыс жүзеге асырылады, тұрақты негізде аталған сипаттағы түрлі іс-шаралар жүргізіледі. Тараптар мен сот қызметкерлерінің сот талқылауынан тыс кездесулеріне тыйым салынады. Келіп түскен істерді «Төрелік» ақпараттық бағдарламасы бойынша автоматты түрде бөлу жүргізіледі.

Сот ғимаратына кіру қатаң бекітілген ережелер бойынша жүзеге асырылады, судьялар азаматтарды сот отырысы залынан тыс жерде қабылдамайды. Азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

 

А.А.Муслимов,

Шахтинск қалалық соты

төрағаның м.а.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *