Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және оның алдын алу мақсатында, Antikor ағартушылық пулының спикері, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының мүшесі – Ботагөз Ахметова Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшылығы және қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер, жемқорлық қылмыстарының жауапкершілігі және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді.

Сонымет қатар, Ботагөз Телманқызы ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамаудың жауапкершілігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Өз кезегінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру және квазимемлекеттік сектордағы комплаенс функциясын дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.

Манас АҚСАРЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *