Түсіндірме жұмыстар жүргізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы  Еркебұлан Рысқұлбек Приозерск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен профилактикалық бағытта  кездесу өткізді.

Шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі, әдеп қағидаларын сақтау, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары бойынша түсіндірмелер берілді.

Кездесу аясында қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен әрі сапалы атқарудың маңыздылығы атап өтілді.

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Анна Вабищевич Теміртау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, заңнаманы қолдану тәртібі талқыланды.

Ал МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Анна Вабищевич Теміртау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, заңнаманы қолдану тәртібі талқыланды.

Әділ БЕК