2024 жылғы 1 маусымнан бастап № 146 Қарағанды – Абай, № 121 Қарағанды – Шахтинск, № 165 Қарағанды – Саран, № 107 Қарағанды – Теміртау», № 100 Қарағанды – Теміртау, № 122 Қарағанды – Топар, № 127 Қарағанды – Шахан ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттарда жол жүру құны ұлғайтылатын болады. Қолма-қол ақшасыз төлем 100 теңгені, қолма-қол ақшамен – 200 теңгені құрайтын болады.
Жол жүру жеңілдіктері сақталады.
Атап айтқанда, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар I топтағы мүгедектігі бар адамдар тегін жол жүруге құқылы. 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – жол жүру құжатының (билеттің) толық құнының 50 пайызын төлейді.