Тарихтан сыр шерткен жәдігерлер

Тарихы ғасырларға тартқан Сарыарқаның сайын даласынан мыңдаған көне жәдігерлер табылуда. Жақында Қарағанды археологтары сақ дәуірін- дегі құнды қазанды тауып алды. Ол қорғандар- дың ішінде емес, бөлек көмілген екен.

Археологтар Шет ауданындағы Талды тарихи-археологиялық паркінің аумағындағы қорғандардың бірін қазу кезінде біздің заманымызға дейінгі 2,5 мың жыл бұрынғы дәуірге жататын бірегей жәдігер тапқан болатын. Олар іші ат әбзелдеріне толған қазанды зерттеу көптеген құнды мәлімет беретініне сенімді. Иілген үш аяқты, мыстан құйылған жәдігер — Орталық Қазақстан өңірінен табылған алғашқы қазан. Ол хан ордасынан 200 метр қашықтықта, қорғандардың ішінде емес, бөлек көмілген екен.

Мұндай қазандар көбіне Жетісу өңірінен табылатын. Археологтардың айтуынша, бұл — сақ дəуірінде орталық пен оңтүстік елі арасында тығыз байланыс болғанының дəлелі. Енді оның сыртындағы күйеден де ақпарат алу қажет. Толық зерттеу үшін қазан радиокөміртекті анализ жасайтын Польша, Литва, Ирландия, Румыния, Венгрияға жіберілуі мүмкін.

— Қазіргі ғылым талаптары жоғары ғой. Бірден бəрін жұлып алмай, рентгенге түсірдік, КТА-дан өткіздік. Зерттеу кейінгі технологияны пайдаланып жүргізіледі. Мұның ішінен біраз құнды қызық дүние табылады деп есептейміз, — дейді «Тарихи-мəдени мұраны сақтау орталығы» КММ директоры Түлкібай Төлеуов.

Айта кетсек, Талды қазанының салмағы — 25 келі, диаметрі — 41 сантиметр, биіктігі — 34 сантиметр.

Бұл Талды саябағынан табылған жалғыз олжа емес. Басқа обадан пышақтар, қанжарлар, тас жебелердің ұштары жəне басқа да ежелгі тұрмыстық заттар табылып отыр.

Қазба жұмыстарына қарағандылық ғалымдар мен Е.Бөкетов атындағы ҚарУ 120-дан астам студенті қатысады. Темір қанжар жəне рəсімдерге арналған ыдыс — археологтардың тағы бір олжасы.

Байқасқа қорымында үш қорған зерттелді. Тарихшылар бұл қорғандар белгілі бір ережемен салынғанын анықтады. Бұл бірнеше мың жыл бойы қорғандардың пішінін сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір құрылыс əдістері. Темір қанжар да осы жерден табылды.

— Бұл өте қызықты, өйткені темір топырақта қалып қойса, нашар сақталады. Бұл жерде жағдай оңтайлы болған сияқты. Бұл қанжар — скиф-сақ триадасына кіретін пышақ қаруы. Біздің дəуірімізге дейінгі III–II ғасырлардағы қанжар, сақ дəуірінен ғұн-сармат кезеңіне өту уақытына жатады. Акинактың ыңғайлы тұтқасы, түзу крест, қисық шыңы жəне қан ағызатын ойығы бар, — дейді «Археологиялық зерттеулер» ЖШС директоры Ерлан Əміров.

Қорғандарды зерттеу арқылы ғалымдар ежелгі жерлеу рəсімдерін қадағалай алады. Ерлан Əміровтың айтуынша, табылған заттар əлеуметтік стратификацияны да көрсетеді. Шағын, орта жəне үлкен қорғандар табылды. Олардың биіктігі қайтыс болған адамның материалдық байлығын немесе əлеуметтік мəртебесін білдіреді деп болжануда.

Сондай-ақ, салттық мақсаттарға қажетті керамикалық ыдыс табылды. Мұндай қорытынды оның орналасуына байланысты жасалады. Ыдыс бетіне орнатылып, оның үстіне қорған тұрғызылған.

Археологтар Ақкезен қорымында жалғасы бар қорымды зерттеуді жалғастыруда. Бұл құрылым бас қорғаннан жəне шығысқа қарай екі доғалы тастан жасалған екі серіктес қорғаннан тұрады. Олар кішкентай тас үйінділермен аяқталады.

Ғалымдардың бірнеше ұрпағы бұл құрылымдарды кім, не үшін жəне қашан салғаны туралы құпияны ашу үшін зерттеу жүргізуде. Бұл Орталық Қазақстан аумағында өмір сүрген белгілі бір халық деген негізгі пікір бар. Оларда жерлеу үйінділерін ескілеріне бекіту дəстүрі болғанға ұқсайды.

— Талдыда ғұн — сармат дəуірінің ескерткіштері (б. з. д. III ғасырдан б. з. д. III ғасырға дейін) ежелгі сақ қорғандарына байланған деп есептейміз, — дейді Еран Əміров. — Біз бұл гипотезаны қазба жұмыстары барысында жүйелі түрде растаймыз. Қосалқы қорғандарда жерлеу сирек кездеседі. Біз қола қазандық пен темір найза ұшын таптық

Талды саябағында қазба жұмыстары жалғасуда. Тарихи ескерткіштерге бай Қарағанды даласы ғалымдармен тағы қандай құпияларды бөлісетінін кім біледі.

Әділ БЕК

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *