«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА НҰРА АУДАНЫ ШАХТЕРСКОЕ АУЫЛЫНДА 1500 ЖУЫҚ ГҮЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 27 мамыр күні Шахтерское ауылында гүл отырғызылып көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аймаққа арнайы топырақ пен органикалық тыңайтқыш көмегімен петуния, бархитца секілді гүл түрлері отырғызылды. Демеушілік көрсеткен “Шахтерское” серіктестігі, ауылдың барлық абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары серіктестіктің жеке қаражаты есебінен жүргізілуде.

Акция аясында көгалдандыру жұмыстарымен қатар, тазалық, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде. Гүлдерден бөлек, талдар да отырғызылды.

Айта кетейік, акция басталғалы Шахтерское ауылында 10 көше бойлары тазаланып, 2 саябақ пен аллеяны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 100-ге жуық ретсіз өскен бұталар қырқылып, талдардың түптері әктелді. Жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *