Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия Теміртауда алғашқылардың бірі болып жаңғыртудан өтті және жаңа медиа, робототехника, STEM-зертханалардың заманауи кабинеттерімен, сондай-ақ қыздар мен ұлдарға арналған тігін және ұста шеберханаларымен мақтана алады.
Барлығы 23 оқу кабинеті және қосымша білім беру бойынша 5 сынып жабдықталған.
Мектепте «Қазақстан халқына» қорынан қаржыландырудың арқасында материалдық-техникалық база жаңартылды.
– Біз Теміртауда «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, білім беруді тұрақты дамыту қоры және Назарбаев Зияткерлік мектептері іске асыратын «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына бірінші болып кірдік, – дейді оқу орнының директоры Құралай Нұрғалиева.
– Біздің гимназия таңдауға ілігуі үшін педагогикалық ұжым ауқымды жұмыс атқарды.
Біз қатысуға өтініш бердік және жөнделген, әдемі кабинеттерді ұсындық.
Жоба бойынша олар заманауи жабдықтармен, биология кабинетіне арналған микроскоптармен, музыкамен айналысуға арналған ұлттық аспаптармен және т.б. толықтырылды. Психологиялық жеңілдену кабинеті де ыңғайлы бола түсті.
Жақын арада Теміртауда «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына тағы бірнеше мектеп кіреді, дейді қала әкімдігі.
Қарағанды облысында бұл жоба бойынша Ақтоғай және Осакаров аудандарындағы Күләш Байсейітова атындағы және Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектептерінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылды.