Қарағандыда Қазақстан халқының тілдері күніне орай қала әкімінің «Тіл мерейі» сыйлығы табысталды. Достық үйінде өткен салтанатты шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу және қолдау көрсету.
Жеңімпаздар:
«Тіл майталманы» — Наталия Еременко, Әділет Жағыпар.
«Тіл білгірі» — Владислав Горизанов.
«Тіл жаршысы» — Жанбота Елубаев, Қайныш Бұхарбай.
«Жас полиглот» — Ескендір Муратов.
«Мемлекеттік тіл – бизнесте» — Жанара Нұржан.
Шараға қала әкімі орынбасары, тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық пен арнайы дипломдар табысталды.
Бұл марапат — қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға көрсетілген құрмет пен қолдау.
Ерболат ЕРБОЛҰЛЫ