ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Бахтияр Макеев «Жаңа FM» радиосы мен «Новое ТВ» телеарнасына берген сұхбатында халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында туындайтын жүйелі мәселелерін шешу тетіктеріне тоқталды.
Ол өз сөзінде азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кездесетін мәселелерін анықтап, оларды жедел әрі тиімді шешуге бағытталған жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, қызмет көрсету сапасын арттыру және әкімшілік кедергілерді азайту бағытында цифрлық құралдардың, соның ішінде кері байланыс тетіктерінің маңызы зор екенін жеткізді.
