Құқықтық тәртіп

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысқа қарсы күресті күшейту, тиісті құқық тәртібін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 01-10 маусым аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-ша­расын жүргізуде.

Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік нысандары мен вокзал маңындағы алаңдарда, сондай-ақ станцияның басқа да қоғамдық орында әрбір адам жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтап, бұзақылықтар мен вандализм көріністеріне жол бермеу, қоғамдық орындарды ластамауға, мүліктерді бүлдірмеуге және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішуге немесе қоғамдық орынға мас болып келуге тыйым салынғанын және алкогольдік ішімдіктің арты қылмысқа апаруы мүмкін екендігін жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егерде қандайда бір бейне бақылау камера арқылы ақпарат анықталса, жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертеді.

Ерлан ТҰТҚЫШЕВ,

полиция майоры

Қарағанды-Сұрыптау ст. ЖПб

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *