Қарағандыға Қытайдың ірі энергетикалық компаниясының өкілдері келді. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде «жасыл» энергетиканы және басқа да саланы дамытудағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды.
– Біздің компания бүкіл әлем бойынша энергетика және инфрақұрылым саласында жұмыс істейді. Қазақстан нарығын жоғары бағалаймыз, – деп атап өтті ChinaEnergy International Group вице-президенті Лин Сяодан.
Жел паркін және ірі күн электр станциясын салу жобасы таныстырылды. Оны іске асыру өңірге қосымша шетелдік инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
– Біз өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашықпыз және инвесторларға жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен Жол картасын әзірлеуге келісті.