Заманауи ФАП

Өңірімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша он төрт заманауи ФАП ашылды және ауылдағы медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмек көрсетіледі. Фельдшерлік-акушерлік пункттер жеңіл құрастырылатын материалдардан неміс технологисы бойынша бой көтерді.

Биыл тағы 27 жаңа ФАП салынуы керек.

Қазіргі заманғы фельдшерлік-акушерлік пункттер Шет ауданы Жұмыскер, Ақшатау, Төменгі Қайрақты, Көктінкөл, Бұрма, Киікті және Босаға, Бұқар жырау ауданы Новоузенка және Қарақұдық, Ақтөбе ауылдарында, Ақжол, Татан, Томар Қарқаралы ауданы, Ақтоғай ауданы Ақжарық ауылдарында пайда болды.

Светлана Кисапова – Қарақұдық ауылының ФАП медбикесі. Көп жылдардан бері ол әріптестерімен бірге пациенттерді ыңғайсыз шағын жалға алынған бөлмеде қабылдап келген. Жалғыз бөлмеде салқын болды, қарапайым жағдай да болмады.

– Біз үшін бұл көптен күткен оқиға. Жаңа ФАП – кең, жарық, жылы. Барлық жағдай жасалған.

Процедуралық, егу, тексеру кабинеттері жабдықталған, Жиһаз және жабдық жаңартылған.

Мұндай фельдшерлік-акушерлік пунктте жұмыс істей бергің келеді, – дейді Светлана Кисапова.

– Біз 600-ден астам адамға қызмет көрсетеміз. Мұнда пациенттер анализ тапсырып, кеңес ала алады.

Бұған дейін Қарағанды облысында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Бұқар жырау ауданы Қызылжар және Қызылқайың, Байтуған және Заречное-Нұра, Юбилейное – Абай және Озерное – Осакаров ауылдарында ФАП салынды.

Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылының тұрғындарына өздерінің бұрынғы ФАП-і ұнамады.

Медбике Жанна Сүлейменова – өңір басшысына жаңа ғимарат бөлу туралы өтініш білдіргендердің бірі.

– Бұрын біз пациенттерді бейімделмеген бөлмеде қабылдайтынбыз. Бұл жеке үйдің жарты бөлігі.

Ешқандай ыңғайлылық болған жоқ. Төбелерде жарықтар пайда болды, едендер ескірген, сондықтан барлық жерден жел соғатын.

– Ғимарат пешпен жылытылды, біз суды өзіміз тасып жүрдік, – дейді Жанна. – Осылай жұмыс істедік. Сондықтан бірнеше жыл бұрын аймақ басшысына жүгіндік, ақыры біздің проблемамызға құлақ түрді.

Қазір біз барлық коммуникациясы қосылған жайлы ғимаратта жұмыс істейміз.

Электр қуаты арқылы жылытылады. Біз 800-ден астам адамға қызмет көрсетеміз.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Қарағанды облысында алдағы жылдары тағы 78 нысан салынады.

– Оның 27-сі-фельдшерлік-акушерлік пункттер, олар жобалардың мемлекеттік сараптамасынан өтті. Жақын арада мердігерлер анықталатын болады. ФАП типтік жоба бойынша салынып, осы жылдың соңына дейін ашылады, – деп атап өтті Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маман-құрылысшысы Ақылтай Сәметаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *