Жәрмеңкеге жастар келді

Қарағанды облысында жұмыспен қамту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бірнеше жоба іске асуда. Осы бағдарламаларды халыққа жеткізу мақсатында жұмыс жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Сондай «екі қолға бір күрек» тауып беруге арналған еңбеккерлерді іздеген жәрмеңке қала орталығындағы бақта өтті.

Бұл Еңбек мобильділігі орталығы 26 шілдеде Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Қарағанды облысы «Amanat» партиясының «Жастар рухы» мен бірлесіп Орталық саябақта «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болатын.

Қарағанды орталық саябағында «Жастарға жұмыс» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда 40 жұмыс беруші 800-ден астам бос орын ұсынды.

270-тен астам тұрғын жұмысқа орналасу бойынша кеңес алды. Jumys Tap жобасы бойынша қысқа мерзімді тегін курстарға15 адам жазылды.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге ҚАЖД, қалалық полиция басқармасы, Ten Qogam ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының өкілдері, жеке сот орындаушылары қатысты.

Келушілерге кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері, оның ішінде «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары бойынша кеңес берілді.

– Жәрмеңке жастарға арналған. Біз жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін шақырдық. Оларға мамандық бойынша бос жұмыс орындары, сондай-ақ «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» сияқты жобаларға қатысу ұсынылды. Статистика бойынша, осындай жәрмеңкелерден кейін 50-ден 100-ге дейін адам жұмысқа орналасады, – деді Қарағанды облысы еңбек ұтқырлығы орталығының директор орынбасары Дәурен Қошқаралиев.

274 азамат жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды. Бос орындар жәрмеңкесінде 40 жұмыс берушіден 800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге жұмыс берушілерден басқа ҚАЖД, Жеке сот орындаушылары, Қарағанды қаласы бойынша полиция басқармасы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығы қатысты.

Төремұрат Балтабаев 25 жаста, география пәнінің мұғалімі, мамандығы бойынша жұмыс іздейді.

– ЖОО-ны 2022 жылы бітіргенмін, бірақ бүгінгі күнге дейін мамандығым бойынша жұмыс істемедім. Енді дипломға сәйкес жұмыс табуды шештім. География пәнінің мұғалімдері қажет мектептерді қарадым. Мұндай жәрмеңкелер жұмыс табуға көмектеседі, – дейді Төремұрат.

Іңкәр Қисамедин биыл университетті «радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.

– Мен мұндай жәрмеңкеге бірінші рет келіп, мамандық бойынша жұмыс іздеп жүрмін. Жалақым 150 мыңнан жоғары болғанын қалаймын. Интернеттен жұмыс іздедім, бірақ таппадым: барлық жерде тәжірибе қажет. Мұнда жұмыс таба аламын деп үміттенемін, – деді Іңкәр.

Мысалы, Саран қаласын жәрмеңкеге арнайы келген «Silk Road Electronics» компаниясына құрастырушылар, контролер, менеджер, жүргізуші, жүкшілер керек.

– Жұмыс тәжірибесіне қарай айлық жалақы 150 мың теңгеден басталады. Саран қаласына алып барып, алып қайтатын автобустар жүреді, – дейді компания өкілдері.

– Бос жұмыс орындарымен enbek.kz порталында танысуға болады.

Jumys Tap жобасы бойынша тегін оқуға Call center немесе консультациялық пункттерде («Таир» СО, «Умай» СО, Пришахтинскідегі «Ёжик» супермаркеті және Теміртаудағы 6-шы шағын аудандағы базарда), сондай-ақ Instagramда Jumys_tap_karaganda және ctm_karaganda парақшаларына жазылуға болады. Байланыс телефондары: 8-775-644-35-80, 996-493. Call center: 60-50-50, – дейді Мансап орталығының маманы Нарқыз Орынбасар.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *