Жаңа буыннан жаңа көзқарас

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Өңір басшысы бейресми жағдайда жаңа буынның мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында өтті.

Онда жас мемлекеттік қызметшілер қатарынан 30-ға жуық тыңдаушы үш апталық қайта даярлау курстарынан өтеді.

Оларды заңнамалық базамен, мемлекеттік қызмет жұмысының тетіктерімен таныстырады, халықпен қарым-қатынас жасауға және оның мүдделерін қорғауға үйретеді.

– Қазір сіздердің алдарыңызда өте маңызды міндет тұр – еліміздің азаматтарына шығармашылығымен, көп міндетімен, сондай-ақ проблемаларды шешудің стандартты емес тәсілдерімен ерекшеленетін мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын таныстыру, — деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Жұмыстың негізгі қағидаттары – өзін-өзі тәрбиелеу, адалдық, ашықтық. Тек өз өміріңізді жұмысқа және азаматтардың мәселелерін шешуге сарп ету арқылы ғана сіздер жетістікке жетіп, мансап құра аласыздар. Сын әрқашан болды және болады да, одан дұрыс сабақ алып, тұжырымдар жасау керек.

Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға азаматтардың сенімін арттыруға қатысты тақырыптар қозғалды. Жас мамандар бірқатар ұсыныстар айтты.

– Мен қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының модульдеріне смета құрастыру және жобалау сияқты тақырыптарды қосуды ұсындым. Егер біз сметалар мен жобалық құжаттаманы түсінетін болсақ, қандай да бір мемлекеттік сатып алулар бойынша қызмет көрсетушілердің жұмысын мұқият қадағалай аламыз, – деп атап өтті Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының жоспарлау және абаттандыру бөлімінің бас маманы Ұлықбек Жасұзақов. – Мен бұрын өндірісте жұмыс істедім, мемлекеттік қызметте алты ай ғана болды.

Эльмира Мұқанова Шахтинск қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасында өндіріп алу бөлімінің бас маманы. Бойжеткен қайта даярлау курстары ол үшін өмірдегі жаңа кезең болғанын мойындайды. Ол аймақ басшысымен кездескеніне қуанышты.

– Мұндай кездесулер ынталандырады. Облыс әкімі бізбен кездесуге және сұрақтарымызға жауап беруге, өз ойларымен бөлісуге уақыт бөлгені қуантады. Бұл біз үшін үлгі, ұмтылар жаңа белес, — деп атап өтті Эльмира Мұқанова.

Биыл ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Жыл сайын Академияның облыстық филиалының қабырғасында түрлі модульдер бойынша 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметші оқытылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *