Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясын талдады

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы талданады. Нақтырақ айтқанда әлеуметтік желілерді лезде қамтып, қоғамда алаңдаушылық тудырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал ететін жарияланымдардың күрт артуы жайлы. Мұндай толқындар өздігінен пайда болмайды: олардың артында тұтас технологиялар тұр — боттар желісі, тапсырыс берілген пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды ақпараттық вбростар. Мақсат – қоғамды алаңдаушылыққа батырып, жаппай наразылықтың жалған иллюзиясын қалыптастыру.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сізге шынайы мәселені қолдан жасалған ақпараттық себептен ажыратуға көмектеседі. Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және бұл мәліметпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.