«Жасыл Ел» ауылды көркейтеді

Қарағанды облысының барлық қаласы мен ауданында «Жасыл ел – 2024» жастар еңбек жасағы жұмысқа кірісті. Оған аймақтың 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) тұрғындары қатысуда. Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, түрлі тақырыптық іс-шара мен экологиялық акцияға қатысады. Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына 4 800 адам кірді.

Қарқаралы ауданы бойынша «Жасыл Ел» жастар  еңбек жасақтары сарбаздарының жұмыстары 1 маусымда басталды.

Соның ішінде биылғы жылы Қасым Аманжолов ауылдық округіне «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағына 4 орын бөлінген болатын. Еңбек жасағына қатысып жатқан сарбаздар 18 жастан 35 жас аралығындағы азаматтар.

– Қасым Аманжолов ауылдық округіне «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағына жастарды қабылдау барысында негізгі ден көп балалы отбасы, әлеуметтік осал топ, мүгедектігі бар азаматтарға қойылды, – дейді «Қасым Аманжолов ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы Елдар Құмарұлы Жұмажан.

Жұмыссыздарды жазғы маусымда еңбекпен қамтып, өз напақасын тапсын деген ниетте құрылған жасаққа  осы ауылдан 4 адам қабылданды.

Айта кету керек, оның ішінде 1 адам – көп  балалы отбасыдан шыққан, 1 жұмысшы  – 3 топ  мүгедек, 1-і – әлеуметтік осал топтағы отбасыдан шыққан, 1 адам – студент.

Қазіргі уақытта «Жасыл Ел» жастар  еңбек жасағының сарбаздары  ауылдық округ орталығында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Әділ БЕК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *