Құжаттар қабылдау басталды

Қарағанды облысында 15 қарашадан жастар ғылыми, ІТ-, медиа- және бизнес-жобаларын қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» аймақ басшысының грантын беру үшін байқауға өтінімдер қабылдау басталды. Байқауға 18-34 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады.

Бір гранттың сомасы 2 млн теңге.

– Биыл біз алғаш рет жаңа бағыттарды қостық. Енді мұндай қолдау ақпараттық технологиялар, медиа, мәдениет және ғылым салаларында жүрген жастарға да көрсетілетін болады. Алайда «бизнес» бағыты сақталады, кәсіпкерлерге көмек көрсету шаралары жалғаса береді. Үміткерлер өңірдің дамуы үшін маңызды тетіктерді айқын түсінуі керек. Егер кәсіпкерлік туралы айтатын болсақ, бұл әлеуметтік жобалар болуы тиіс. Біздің облыс үшін сұранысқа ие өзекті идеялар қажет. Жалпы 25 грант шамасында қаржы бөлінетін болады. Іріктеу қатал болады, – деп хабарлады жастар саясаты басқармасының бас маманы Ұлан Омаров.

Грант келесі бағыттар бойынша беріледі:

— Жаңа ғылыми жобаларды іске асыру үшін;

— Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрі мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

— Жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, яғни стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

— Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін;

— Медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

Байқауға қатысу үшін өтінім толтырып, Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709, 2 қабат, Community орталығы мекенжайы бойынша фронт-кеңсеге немесе электрондық мекенжайға жіберу қажет.

Өтінімдер apko2011@mail.ru электронды поштасы арқылы 15-29 қараша аралығында (қоса алғанда) қабылданады.

Толық ақпаратты call-орталықтан +7-701-377-42-11, +7-700-526-28-88 нөмірлер арқылы алуға болады.

Call-орталық пен фронт-кеңсе дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:30-ға дейінгі аралықта жұмыс істейді.

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *