«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Наурыз» және «2-10-20» бағдарламары бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша «Отбасы банк» АҚ-нан мақұлдау алған тұлғалардан тұрғын үй сертификаттарын алу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Әлеуметтік көмекті келесі санаттағы кезекте тұрғандар пайдалана алады:
— Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілгендер, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы шайқас қимылдарының ардагерлері;
— бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
— мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
— тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен созылмалы аурулардың ауыр түрлері бар адамдар;
— жасына байланысты зейнеткерлер;
— 29 жасқа толмаған, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
— қандастар;
— экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйінен айырылған адамдар;
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
— мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару, адам өмірін құтқару, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасылары;
— толық емес отбасылар.
Мемлекеттік қызметке өтініш Электрондық үкімет веб-порталы (egov.kz) арқылы беріледі.
Қажетті құжаттар:
- Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш.
- Халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедектігі бар балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) қоспағанда, жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі. Соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама.
- Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банк хатының электрондық көшірмесі.
Сұрақтармен мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Чкалов көш., 7, каб. 301. Телефон: (8-7212) 95-56-01.
Жұмыс тәртібі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін.