Жауап бар, бірақ нәтиже жоқ па? Өңірде «Таза Сенім» жобасы іске қосылды!

Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен «Таза Сенім» жобасы іске қосылды. Жоба «Құқықтық тәртіп – өзімнен басталады» қағидаты негізінде жүзеге асырылуда.

Бастаманың мақсаты — азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру. Жоба нақты іске бағытталған: мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсетіледі, халықпен жұмыс істеуде тиімді әрі түсінікті тәсілдер енгізіледі.