Жол картасының көздегені – халықтың әл-ауқатын көтеру

Қарағанды облысында партиялық бақылау жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. Мәселен, Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасына 137 шара енгізілген. Жобалардың басым бөлігі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта жобалардың дені мәреге жетті.

Бүгінде 16 проблемалық мәселе бойынша партия тұрақты бақылау жасап отыр. Олардың шешу жолдары партияның кеңейтілген тұрақты отырысында қаралып тұрады. Облыс бойынша 44 партиялық бақылау бекеті жұмыс істейді. Биыл олардың санын ұлғаяды. Яғни бақылау бекеті көбейсе, қоғамдық мониторингті күшейтуге және нысандардағы жұмыстың тиімділігін арттыруға жол ашылады.

Сондай-ақ маңызды жобалардың жүзеге асуын жергілікті мәслихат депутаттары да мониторинг жүргізіп, қадағалап отыр. Бұл жобалар қатарында мектептер, спорт кешендері мен медициналық нысандар құрылысы бар. Мәселен, облыстық мәслихат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қадиша Оспанованың айтуынша, мектеп құрылысы, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы депутаттар назарында. Қазір Қарқаралы ауданының Талды ауылында мектеп құрылысы жүріп жатыр. Бұған дейін тұрған ескі ғимарат апатты деп танылған еді. Ал жаңасының құрылысы созылып кетті. Жоспар бойынша нысанды биыл пайдалануға беру керек.

Сонымен қатар Абай ауданындағы қатты тұрмыстықтар қалдықтар полигонының құрылысын да депутаттар қадағалап отыр. Бұл полигон да биыл ел игілігіне тапсырылуға тиіс.

Партия өкілдерінің басқосуында экологиялық мәселелелр назардан тыс қалған емес. Мәселен, жақында өткен отырыста Теміртау қаласының экологиялық жағдайы талқыланды. Жалпы, жол картасында Qarmet компаниясының қызметінен атмосфераға тарайтын ластаушы заттар көлемін азайту көзделген. Келешекте металлургиялық комбинатты табиғи газға көшіру жоспары бар. Бұл экологияны жақсартуға көмектесетіні анық. Қазір бұл бағыттағы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек биыл жеке тұрғын үй секторын газдандыру аяқталады.

Amanat партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбековтің айтуынша, бірлескен күш-жігер арқылы кез келген нәтижеге қол жеткізуге болады.

– Әрине, проблемалық мәселелер биліктің тұрақты назарында. Партияның жол картасы аймақтағы әлеуметтік әлеуетті жақсартуға бағытталған. Оның әрбір тармағы – халықтың болашағы жақсартуды, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруді көздеген нақты жобалар. Бұл бағдардағы жұмыстар жалғаса береді, – деді Бекзат Алтынбеков.

Зауытқа қатысты тағы бір мәселе – өнеркәсіптік қалдықтар. Кәсіпкерлікті қолдау аясында металлургиялық кластерге қатысы бар жобалар қаржыландырылады. Нақты айтқанда өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобалар субсидияланады.

Манас АҚСАРЫ

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *